Жаңалықтар

Алдағы күндері елімізде күн суытады – Қазгидромет

Қазақстан синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК 25-27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстігінде, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында жаңбыр жауады.

Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады. Бұл өңірлерде ауа температурасының түнде 0-12 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады.

«25 сәуірде термометрлер түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендедеуі күтіледі, содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлайды», - делінген хабарламада.