Жаңалықтар

ШҚО-да ерлі-зайыпты есірткі жарнамалаумен айналысқан

polisia.kz

Әйел адам бұл «тапсырманы» жұмыс берушіден алған.

ШҚО-да есірткіні жарнамалаған ерлі-зайыпты күдіктілер ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер қала аудандарының бірінде есірткі заттарын сатумен айналысатын сайттарды жарнамалайтын парақшалар жапсырып жүрген екі өскемендікті анықтаған.

«Күдіктілерді қылмыс орнынан жедел уәкілдер ұстаған. Заттай дәлел ретінде 41 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы жұбайынан есірткі жарнамасының жапсырмасы тәркілеген», - желінген Polisia.kz хабарламасында.

Күдіктілердің айтуынша, олар бұл парақшалардың тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сататын интернет-дүкендер туралы ақпарат тарататынын білмеген.

Әйел адам бұл «тапсырманы» жұмыс берушіден алған, ол оған брошюраларды қала бойынша жапсыру керек екенін түсіндірген. Еңбек жағдайымен келіскен ол күйеуін өзімен бірге жұмыс жасауға шақырған.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыпты төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.