Қоғам

Түркістан облысында оқушы қызды зорлады деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Қылмыстың іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Төлебиде мектеп жасындағы қызды зорлады деген күдікпен кәмелет жасына толмаған бала ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция аталған фактіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Otyrar.kz мәліметінше, қылмыстың іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Әлеуметтік желілердегі бейресми ақпаратқа сүйенсек, аудандағы ауылдардың бірінде 9-сыныпта оқитын оқушы қыз зорланған. Күдікті ретінде 10-сынып оқушысы ұсталған.