Жаңалықтар

Ақмола облысында шаңғы жаттықтырушысы есірткі таратқан

ortalyq.kz

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Есірткі таратқаны үшін шаңғы спортының жаттықтырушысы сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Аршалы ауданының БЖСМ-нің шаңғы спортының жаттықтырушысы «Ш.» есірткі заттарды таратумен заңсыз айналысқан.

«Аршалы ауданында өткізу үшін Астанадан есірткі заттарын тасымалдау кезінде «Ш.»-ны полиция қызметкерлері ұстаған және оның автокөлігін тінтуде жалпы салмағы 39 кг асатын гашиш 4 пакет табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.

Осылайша, «Ш.» есірткі заттарды сату үшін аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды жүзеге асырған (Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).

«Ш.»-нің кінәсі оның автомашинасын тінту және есірткі заттары салынған пакеттерді алу хаттамасымен; сарапшылардың қорытындыларымен; тіркелген қоңыраулары көрсетілген ұялы телефонды тексеру хаттамасымен; бейнекамералардың жазбаларымен; тінту хаттамаларымен; «Ш.»-дан жеке пайдалануға арналған есірткі затын сатып алған куәгерлердің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Жаза тағайындауда сот жеңілдететін мән-жайларды - сотталушыда жас балалардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескерді.

Сот үкімімен «Ш.» 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәркіленген есірткі заттар жойылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.