Жаңалықтар

Төрт облыста республикалық маңызы бар 8 автожол жабылды

Amanat

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

Еліміздің 4 облысында (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында көлік қозғалысы шектелді. 

Сағат 09:00-дағы жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (СҚО, Қостанай) 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болды.

4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 896 адам жұмылдырылған.