Саясат

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын ауыстырды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Лугмар Буларов пен Юрий Шинді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасарлары етіп тағайындады. 

Сонымен қатар президент өкімдерімен бұрын осы қызметті атқарған Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов пен Аурика Георгиевна лауазымдарынан босатылды.