Павлодарда сұйық битум тасымалдайтын көлік аударылды (ВИДЕО)
Оқиға орнына битум цистернасын көтеру үшін автокран келіп жетті.
Жүргізуші ауруханаға жатуды қажет етпейді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 19:15-те «112» нөміріне «Алюминий зауыты» маңындағы жолда сұйық битум тасымалдайтын «КамАЗ» көлігі аударылып, салдарынан битум төгілгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына НГПС (Алюминий зауытының өрт сөндіру бөлімі), 1 автоцистерна және жеке құрамның алты адамы шықты.
– Төгілу көлемі 260 шаршы метр аумақта шамамен 19,5 тонна сұйық битумды құрады. НГПС-тен төгілу алаңына көбік жеткізілді. Төтенше қызмет қызметкерлері де қажет болған жағдайда көбік жеткізу үшін оқиға орнына келді. Төгілу алаңы қоршауға алынды. Трамвай қозғалысы тоқтатылды, – делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram