Жаңалықтар

Футболшы Рамазан Оразовтың 20 мың еуро қарызын кім төлеп бергені белгілі болды

Қазақстандық шебер ойыншы енді футболға қайта оралады.

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов Рамазан Оразовтың 20 мың еуро қарызын төлеп берді, деп хабарлады turkystan.kz порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақтөбе» клубының және Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың УЕФА-дан бан алғаны бұған дейін айтылған болатын. Өйткені 2021 жылы «Қайратпен» келісімшарты бола тұра Латвияның «Даугавпилс» клубына ауысып кеткен.

ҚПЛ-дың соңғы турындағы «Қайрат» – «Ақтөбе» матчы алдында алматылық клуб УЕФА-ға шағымданып, Оразовты тегін жаттықтырғаны үшін өтемақы талап еткен еді. Еуропа футбол қауымдастығы болса футболшыға 20 мың еуро төлеуді міндеттеді. Бұл қаражатты төлемегенше Оразов ресми матчтарда ойнай алмайды.