Жаңалықтар

Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан

сурет: privivka.kz

Мегаполисте орман алқаптарын, халықтың жаппай демалатын жерлерін кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталып кеткен.

Биылғы наурыз айынан бері Алматыда 212 адамды кене шаққан, деп хабарлады turkystan.kz  қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы медициналық мекемелерге жүгінген барлық тұрғынға шұғыл көмек көрсетілгенін айтты.

«Кене шаққан 14 жасқа дейінгі балалар саны 59,4%-ды құрады, бұл 126 бала. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Жыл басынан бері кене инфекциясы тіркелген жоқ», - деді СЭК басшысы.

Осы жылдың 22 сәуіріндегі жағдай бойынша барлығы 1478,974 га (62,4%) өңделді, оның ішінде орман алқаптары – 1017,338 га. Қаланың барлық саябақтары мен скверлерінде өңдеу толық көлемде жүргізілді.