Жаңалықтар

Ақтауда 5 күн бұрын жоғалып кеткен қыз әлі табылмай жатыр

Облыстық полиция департаменті өкілдері жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

24 жастағы Керім Кәмшат бес күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 18 сәуір күні сағат 22.00 шамасында Шығыс-3 ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Ол ұзын, жасыл гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл күрте және ақ спорттық аяқ киім киген. Оны көргендер болса 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті өкілдері жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.