Қоғам

Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші қаза тапты

Полиция тексеру жүргізуде.

Павлодар облысында жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 22 сәуірде Аққулы ауданындағы Омбы-Майқапшағай автожолында Шевролет Кобальт маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылған.

Оқиға салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылып, алған жарақаттарынан қаза болды. Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.