Жаңалықтар

ШҚО тұрғыны жасырын түрде енесінің атынан несие алып отырған

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ШҚО-да келіні енесінің атына заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлады turkystan.kz.

Зайсан полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, келіні оның атына жасырын түрде 2,5 миллионнан астам несие рәсімдеген.

Жәбірленуші сәуір айында әдеттегіден әлдеқайда аз зейнетақы алғанан кейін мән-жайдың себебін іздей бастаған. Белгілі болғандай, банк оның зейнетақысынан өзі білмейтін несиелер үшін ақшалай қаражатты ұстап қалған.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкін тәркілеумен, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.