Каспий теңізі маңында жер сілкінісі тіркелді

23 сәуір, 2024 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөз
Сейсмикалық станциялар желісі бүгін түнгі 00:09–да жерасты дүмпулері болғанын мәлімдеді.

Каспий теңізіне жақын аумақта жер сілкінісі сезілді.

Сейсмикалық станциялар желісі бүгін түнгі 00:09–да жерасты дүмпулері болғанын мәлімдеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа бағытқа қарай 1913 шақырым жерде орын алды. Дүмпудің энергетикалық деңгейі — 9,6, MPV магнитудасы — 4,4 болды — деп жазылған сейсмикалық станциялар желісі таратқан ақпаратта.

Аталған жағдайдың еліміздің аумағында сезілгені туралы мәлімет әзірге айтылған жоқ.

Тэгтер:

Жер сілкінісі Каспий теңізі