Жаңалықтар

Таиланд пен Қазақстан визасыз режим туралы келісімге келді

Қазақстан мен Таиланд 30 күнге визасыз режим енгізді. Үкіметтің тиісті қаулысына 18 сәуірде қол қойылған.

Таиланд қазақстандықтар үшін виза режимін алып тастады.

Екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен астам тұруға ниет білдірген адамдар сол тарап мемлекетінің заңнамасы мен ережелеріне сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуы керек екендігі атап өтілді.

Өткен жылдың қыркүйегінде Таиланд билігі пилоттық жоба аясында Қазақстан азаматтарын виза рәсімінен босатқан болатын. Биыл ақпан айында ол 31 тамызға дейін ұзартылды. Енді қазақстандықтар үшін визасыз режим уақыт шектеусіз жұмыс істейтін болады.