Ақтауда балаларының көзінше әйелін ұрған ер адам қамалды
Әйеліне қол көтерген тағы бір қазақстандықтың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Облыстық полиция департаменті Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде балалардың көзінше әйеліне күш көрсеткен ер адамға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады turkystan.kz.
“Қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”, – делінген дүйсенбіде тараған ақпаратта.