Қазақстанда былтыр қанша бала дүниеге келді?

22 сәуір, 2024 / Меруерт Сағымхан
orda.kz
Ұлттық статистика бюросы мәліметпен бөлісті.

2023 жылы 388 мың сәби дүниеге келді. Бұл туралы turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.

Оның ішінде:
51,6% – ұлдар
48,4% – қыздар

Туу коэффициенті – 1000 адамға 19,52.

«Туудың жиынтық коэффициенті (СКР) – репродуктивті кезең ішінде (15-49 жас) орта есеппен бір әйелден туған балалардың саны – 2,96. Ананың орташа жасы – 29,7 жас. Туылғандардың 23% – отбасында екінші бала. Егіздер саны – 4 075», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Қазақстан Бала Статистика туу көрсеткіші