Бишімбаевтың телефоны сотта қаралып жатыр
Судья Айжан Құлбаева телефоннан суреттер мен видеоларды қарап шықты.
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында басты айыпталушының ұялы телефоны қаралып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Судья Айжан Құлбаева телефоннан суреттер мен видеоларды қарап шықты.
Видеода Бишімбаев Нүкенованы бұрынғы қарым-қатынасы үшін айыптағанын естуге болады.
«Бұл монтаж, телефонды ашып алып, жүктеп қойған болуы мүмкін», - деді Қ.Бишімбаев.