Жаңалықтар

Қостанайда құрылыс материалдары сақталған қойма өртенді

ТЖМ баспасөз қызметі

Өрттің ауданы анықталуда.

Қостанай қаласында сағат 13:31-де ұйым аумағында құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің ауданы анықталуда. 

«Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған», - делінген хабарламада.