Жаңалықтар

LRT құрылысы: Астанадағы Сығанақ көшесінде жол қозғалысы өзгереді

Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

LRT учаскелеріндегі жұмыстарға байланысты қалалық полиция департаментімен келісе отырып, Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы уақытша өзгереді, деп хабарлады turkystan.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір мен 30 қараша аралығында Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аумақта Сығанақ көшесінің бойында көлік қозғалысын толығымен шектеу жоспарланып отыр.

Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.