T-LIFE

Samsung басшылықтағы қызметкерлерін 6 күндік жұмыс режиміне көшірді

сурет: dailypioneer.com

Кей компаниялар төрт күндік жұмыс режиміне ауысып жатса, Samsung Group керісінше әдіске көшті. Бірақ тек басшылар үшін.

Samsung Group өзінің барлық бөлімшелеріндегі басшыларын үшін 6 күндік жұмыс режиміне ауыстырып жатыр, өзгеріс осы аптада басталып кетті. Бұл туралы Korea Economic Daily газеті жазды.

Есепке сәйкес, Оңтүстік Кореядағы бизнес алыбының бұл қадамы компанияның мұнай бағасының өсуін, қарыз алудың жоғары құнын және Оңтүстік Корея вонының күрт құнсыздануын қоса алғандағы кедергілерді бастан өткізіп жатқанына байланысты болып отыр.

Сонымен қатар, 2023 жылғы жұмыс нәтижесінің ойдағыдай болмауы да басшылардың жұмысын көбейтуге әсер еткен. Ал қарапайым қызметкерлер 5 күндік жұмыс режимінде қала береді.