Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар 5 жол учаскесі жабылды

Amanat

3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны болды,

«ҚазАвтоЖол» ҰК республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпаратты жариялады.

2024 жылғы 22 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны болды.

«5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында (ұзындығы 552 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмылдырылған», - делінген хабарламада.