Іле-Балқаш табиғи резерватында қамыс өртеніп жатыр
Қазавиақұтқару тікұшақтары әуеден 53 мәрте 159 тонна су төкті
Алматы облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртімен күресіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Осы уақытта Алматы облысының Балқаш ауданында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр.
Қазавиақұтқару тікұшақтары әуеден 53 мәрте 159 тонна су төкті.
Өрттің алдын ала аумағы — 18 га.
Елді мекендерге қауіп жоқ.