Қоғам

Елімізде жаңбыры аз, ыстық жаз болуы мүмкін – Қазгидромет

baq.kz

Сарапшы 1994 жылдың маусымы ыстық болғанын айтады

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ұзақмерзімді ауа болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Baq.kz сайтының мәліметінше, 2024 жылды болжау үшін 2001 және 1994 жылғы ауа райы қарастырылды.

Исабакованың дерегінше, 2001 жылғы ауа райы 1 және 5°C нормадан жоғары болған. Ал биыл 1-2 °C қана жоғары болады деп күтілуде.

Мысалы сол жылғы нақты көрсеткіште жауын-шашын мөлшері біз күткеннен төмен. Осыны ескерсек, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын мөлшері аз болады деп пайымдауға болады, ал қалған облыстарда жауын-шашын мөлшері норма шамасында деп күтіледі. Шілде мен тамыз айларында Оңтүстік-батыс, Орталық және Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін, - деді Исабекова "Қазгидромет" орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Сарапшы 1994 жылдың маусымы ыстық болғанын айтады.

Осы көрсеткішке орай биыл елімізде ауа темперетурасы 1-2°C жоғары болады деп отырмыз. Онымен қоса маусымда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп болжануда, - деді Исабекова.