Пәкістанда жауын мен тасқыннан 98 адам қаза болды

21 сәуір, 2024 / Ақмарал Берекет
Ашық дереккөз
Жергілікті билік аймақта сәуірдің 30-на дейін төтенше жағдай жариялады

Пәкістанда жауын мен тасқыннан қаза болғандар саны 98 адамға жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы елдің Апатпен күрес жөніндегі ұлттық басқармасы мәлімдеді. Тағы 90-ға жуығы жараланған. Олар – Пунджаб, Азад Кашмир, Белуджистан тұрғындары. 

Жергілікті билік аймақта сәуірдің 30-на дейін төтенше жағдай жариялады.

Тэгтер:

Пәкістан су тасқыны