Жаңалықтар

Су тасқынынан кейін 22 734 адам өз үйлеріне оралды

Ақмола облысы ТЖД

Оның айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша 22 734 адам өз үйлеріне оралды. 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде

Елімізде авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36,5 мың адам жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі Асқар Шәріп мәлім етті, деп жазады turkystan.kz.

Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар, азаматтарды құлақтандыру, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына Жайық өзені арқылы Ресей Федерациясы жағынан су тасқынының екінші толқынына қарсы іс-шаралар ерекше бақылауда тұр. Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 81 523 қапшық және 2 770 тонна инертті материал төселді, бөгеттердің іргесін көтеру әрі нығайту жалғасады. Атырау облысында 824 мың қапшық және 2 700 тонна инертті материал төселді, 4 424 км бөгет тұрғызылды, бөгеттердің іргесін нығайту жалғасып жатыр. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жасалып отыр, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын іске асырылады, - деді А. Шәріп Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, қазіргі мәлімет бойынша 22 734 адам өз үйлеріне оралды. 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пункттерінде.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында үйлер мен аумақтардан суды шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 36 484 адам, 5 083 техника, 888 су сору құралы, 381 жүзу құралы, 16 әуе көлігіжұмылдырылды, - деді министрлік өкілі.