Жаңалықтар

Алматы тауларында үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен

ҚР ТЖМ

21 сәуірде түнгі 1:12-де құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді тапты, олар медициналық көмекті қажет етпеді

Алматы облысында бір күн бұрын екі ересек адам мен бір бала күндіз Малайсары асуына саңырауқұлақ теруге шығып, үйлеріне оралмаған. Олардың танысы құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 20 сәуірде сағат 20:35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы және кинологиялық есебі Алматы облысына туристерді іздеуге шықты. 

21 сәуірде түнгі 1:12-де құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді тапты, олар медициналық көмекті қажет етпеді. Таңғы сағат 6 шамасында құтқарушылар оларды тас жолға дейін жеткізiп, көлікпен келген өтініш иесіне тапсырды, - деді ол.