Жаңалықтар

Жаңбыр, найзағай: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ашық дереккөз

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашын жаумайды. Тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздаған жаңбыр сіркірейді. 

Сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Қазақстан бойынша жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.