56 вагон, 15 фура: Тәжікстаннан жіберілген гуманитарлық көмек Түркістанға жетті

20 сәуір, 2024 / Ақмарал Берекет
Видеодан алынған кадр
Іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік ұлтының диаспорасы, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысты

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Тәжікстан Республикасынан 56 вагон, сондай-ақ 15 фура гуманитарлық көмек келді, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарлары тиелген вагондар Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» темір жол станциясына жетті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің вице-министрі Батырбек Абдышев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Тәжікстан Республикасының өкілдерін күтіп алды.

Сонымен қатар аталған іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік ұлтының диаспорасы, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысып, қиын қыстау кезде көмек беріп, қолдау білдірген Тәжікстан халқына алғыс айтты. 

Тэгтер:

Қазақстан Тәжікстан гуманитарлық көмек