Жаңалықтар

Жаңбыр қарға ұласады: келесі аптаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды

Синоптиктер болжамынша, 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп жазады turkystan.kz.

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған.