Қоғам

Өскеменде пара алған полицей 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді

Видеодан алынған кадр

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді

Өскемен қаласында пара алған полиция қызметкері 3 жарым млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицей айып тұрағына қойылған автокөліктерді қабылдау-тапсыру актілерін және алуға рұқсаттарды заңсыз бергені үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.

Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істегеніне қатты өкінетіндігін білдірді. Істі жеңілдететін мән-жай ретінде оның қарауында кәмелетке толмаған балаларының бары да ескерілді.

Сот шешімімен полиция қызметкеріне 3 500 000 теңге айыппұл салынды. Ол полиция подполковнигі шенінен айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - делінген ақпаратта.