Жаңалықтар

Барлық өңірде жел күшейеді – Қазгидромет

inbusiness.kz

Қазақстан бойынша желдің күшейюі күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады, - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазақстан бойынша желдің күшейюі күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.