Жаңалықтар

"11 миллион теңге айыппұл": Қызғалдақпен фотоға түскен Ақбота Керімбекова сынның астында қалды

Танымал әнші Ақбота Керімбекова жұлынған бір шоқ қызғалдақ гүлімен фотоға түсіп, ескерту алды.

Әнші жеке парақшасына көктемнің символы саналатын сары қызғалдақтармен түскен фотосын жүктеді, деп хабарлады turkystan.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Әлем – әдемі, Көктем – әдемі. Мен және барша қазақтың қыздары әдемі. Әдемі қыздар, лайк басамыз, көп екенімізді көрсетейік әлемге”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншінің фотосы жарияланған жазба астына түрлі пікір қалдырып, ескерту айтты. 

“Айыппұл салатындар жетіп келмесін”, “Қолыңдағы сарғалдақ қызыл кітапқа енген бе еді?”, “Қызғалдақты жұлуға болмайды деген заңның барын білмейсің-ау”, “11 миллион теңге айыппұл мойныңа ілінді” – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.