Жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігінен айырылды

Сурет: bassport.kz

Еркін күрестен алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуге арналған лицензияны Әлішер Ерғали жеңіп алды.

Еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатыса алмайды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен лицензиялық турнирде 97 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Әлішер Ерғали жартылай финалда қытайлық Авусайман Хабилді жеңіп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ерғали бұл турнирге қатысу құқығын Қазақстан чемпионатының финалында Ризабек Айтмұханды жеңгенде ие болған еді.

2024 жылғы Олимпиаданың тағы бір лицензиялық турнирі мамыр айында Ыстамбұлда өтеді. Бірақ ол жерде жеңіске жеткеніне қарамастан Ризабек Айтмұханға жолдама берілмейді. Өйткені Қазақстан атынан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін үміткер қазірдің өзінде лицензияға ие болып отыр.