Қоғам

Ақтауда спортшы қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты

medicalbusinesschool.com

Валерия Шальнованың денесі өткен жылдың маусым айында су арнасының маңынан табылған.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы азамат С-ға қатысты сот үкімін апелляциялық тәртіппен қайта қарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі бойынша ол жәбірленушіге зорлық-зомбылық көрсетіп, оның дәрменсіз жағдайын пайдаланған. Жәбірленушінің қасақана өліміне әкеп соқтырған қылмысты жасыруға тырысқан. Сондай-ақ, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықпен ұштасқан сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, сот оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Апелляциялық сатыдағы іс сотталушының және оның адвокатының апелляциялық шағымдары бойынша қаралды, олар соттың айыптау үкімінің күшін жоюды және ақтау үкімін шығаруды сұрады.

«Үкімді өзгертуге немесе жоюға негіз жоқ. Осыған байланысты, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды», - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, Валерия Шальнованың денесі өткен жылдың маусым айында су арнасының маңынан табылған. Оны өлтірген жігітін алдымен өзін-өзі өлтіруге дейін апарды деп айыптады, содан кейін оған кісі өлтіру мен зорлау баптары бойынша жаза тағайындалды. 5 наурызда сот үкім шығарып, оны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.