Ғалымдар фаст-фудтың тағы бір зиянын анықтады
Зерттеу кезінде мұның алдында жүргізілген зерттеулер дұрыс тамақтанбау мен Альцгеймер ауруы арасындағы байланыс барын көрсеткені есепке алынған.
Фаст-фуд жасөспірімдердің есте сақтау қабілетін біржола нашарлатады. Осындай қорытынды шығарған зерттеу туралы neurosciencenews.com жазды. АҚШ ғалымдары фаст-фудты көп жеу есте сақтау мен оқуға жауап беретін нейротрансмит ацетилхолині деңгейіне әсер етеді деген тұжырымға келген. Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, бұл процесс қайтымсыз, яғни дұрыс тамақтануға көшудің өзі нәтиже бермейді.
Зерттеу кезінде мұның алдында жүргізілген зерттеулер дұрыс тамақтанбау мен Альцгеймер ауруы арасындағы байланыс барын көрсеткені есепке алынған.