Жаңалықтар

Шетел валютасын шекарадан заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды

Заң бұзушылықты кедендік жете тексеру барысында анықталған.

16 сәуірде «Қалжат» кеден бекетінде ҚХР азаматының 30 мың АҚШ долларын құрайтын шетел валютасын заңсыз алып өту фактісі анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Заң бұзушылық Алматы облысының «Қалжат» кеден бекетінің қызметкерлерімен ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшілерімен бірлескен кедендік жете тексеру барысында анықталған.

Айта кетсек, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының немесе жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.