T-Newspaper

Кітап аңқыған көктем

Елорда жұрты көктем келсе, кітап керуенін күтеді.

Астанаға көп күттірген көктем келді. Көктеммен қатар, кітап керуені де жетті. Осылайша, әр көктем сайын үзбей өтіп келе жатқан Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі биыл жетінші рет жалғасын тауып отыр. 

Кітап көрмесінің ашылу рәсіміне белгілі мем­лекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жа­зу­­шылар, шет мемлекеттердің елшілері қатысты.
«Astana Eurasian Book Fair – 2024» кітап көр­ме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы». 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жат­қан көпсалалы қазақстандық баспа қазақ әде­биетінің жауһарларын, әлемдік классика, ғы­лыми-танымдық еңбектердің сан мың түрін оқырманға ұсынып келеді.

Көрме өтіп жатқан аумақта адам қарасы қалың. «Іздегенің не болса, сол табылар» деуге әбден бо­­лады. Халықаралық көрме-жәр­­мең­кенің бағдарламасы ересектерге де, ба­лаларға да берері көп іс-шарадан тұ­рады. Биылғы көрмеге отандық бас­­палардан бөлек, Ресей, Түркия, Иран, Өзбекстан, Испания және Қы­тай сияқты алыс-жақын шет елдердің бас­па, кітап сату, танымдық-ғылыми бі­лім беру және полиграфиялық 70-ке жуық компаниясы қатысып жатыр. 
Көрме қонақтары мен қатысу­шы­лары қазақстандық және шетелдік бас­палардан балалар әдебиеті, көркем әдебиет, ғылыми-танымдық әде­биет­тер­дің тұсаукесерінің куәсі болып, бел­гілі ақын-жазушылардан қол­таңба алып, кітап шығарудың өзек­ті мәсе­ле­лері талқыла­на­тын дөңгелек үстел­дер­ге қа­тыса алады. Бес күндік көр­ме­де күн сайын ойын алаңында кі­тап оқу, ше­бер­­лік сыныптары жә­не тағы басқа да қызықты іс-шаралар өткізіледі.
Мұндай шара­лар­дың алғашқы легі бас­та­лып та кетті. Ақұштап Бақ­тыгерееваның «Менің Фа­ризам» атты кітабы­ның, тұ­сау­кесері өтті. Дар­хан Кыдырәлінің «Мұс­тафа» кітабы таныс­ты­рылды, сон­дай-ақ жазушы Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» ро­маны оқырманға жол тарт­ты. Көрмеге келушілер автор­мен жүздесіп, қолтаңба алып, сұрақ қою­ға мүмкіндік алды. Одан бөлек, «Абай жолы» кітапханасының тұсау­ке­сері өтті. Иран өнері мен каллиг­ра­фиясынан сыр шертетін шеберлік са­бағы, Отбасылық кітап оқу клу­бы­ның талқылауы, викто­ри­на­лар, поэ­тикалық кеш те ұйымдас­тырылды. 

Жалпы, 5 күнге жалғасатын маз­мұн­ды бастамада осы сияқты маңыз­ды іс-шаралар легіне қатысуға зор мүм­­кіндік бар. Сондай-ақ 2024 жылы 18-19 сәуірде Халықаралық кітап көр­ме-жәрмеңкесі аясында Professional Meetings of Publishers деген атпен танымал Astana Publishing Fellowship сти­­пендиялық бағдарламасы өткізі­ле­ді. Бағдарламаның мақсаты – Қазақ­стандағы баспа саласын жергілікті дең­гейден әлемдік деңгейге дейін кеңейту, әлемдік баспа тәжірибесінен үлгі алу, сондай-ақ баспа қызметінің сапасын арттыру. Биыл алғаш рет ұйым­дастырылып отырған бағдар­ла­маға қазақстандық баспагерлерден бас­қа Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей және ТМД-ның басқа елдері мен таяу шетелдердің баспагерлері қа­ты­сады деген жоспар бар. Екі күн ішінде бас­па өкілдері, редакторлар және ав­тор­лық құқық қызметкерлері әр­қайсысы жарты сағаттан тұратын B2B іскерлік кездесулеріне қатысады.
Биылғы жобаның не­гізгі мақсаты – бала­лар мен жасөспірімдерді кі­тап оқуға баулу, отбасымен бір­ге кітап оқуды наси­хат­тау, жастардың оқырмандық талғамын қалыптастыру, оқырмандарға жетекші баспа­лардың кітап өнімдерінің ең жақсы заманауи топтамасын ұсы­ну, әлемдік кітап шығару және баспа индустриясының тәжіри­бесі­мен алмасу, әлемдік баспалармен бай­ланыс орнату және баспа ісіндегі жетістіктерді көрсету. 

Көрме туралы басқа да сұрақтарға жауап алу үшін «Фолиант» баспасы­ның өкілдеріне, одан бөлек көрмеге қатысып жатқан баспа өкілдерімен тілдескен едік. 

Фарида Тобашалова, 
«Фолиант» баспасы қазақ редакциясының бас редакторы:

Көрменің басты жаңалығы – 
Astana Publishing Fellowship жобасы

Мерей ҚАРТ,
Абай облысы, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың директоры:

Кітап көрмесінің берері мол

Елорда жұрты көктем келсе, кітап керуенін күтеді. Осынау игі үрдіс үзілмей келе жатқаны, жыл өткен сайын оқырмандар легінің еселеніп келе жатқаны, әрине, қуанарлық жайт. Бес күнге жалғасатын кітап көрмесінде көптен іздеген кітабыңызды тауып, шеберлік сағатына қатысып, келелі жиындар мен кемел әңгіменің куәсі бола аласыздар. Қай жағынан қарағанда да олжасыз қайтпайтын осынау көрме-жәрмеңке кітап оқу мәдениетін насихаттап, баспалар мен оқырманға тың тәжірибе, берері мол бастама екені сөзсіз.