Жаңалықтар

Павлодарда бүлдіршін төртінші қабаттан құлап кетті

31tv.ru

Оқиға 18 сәуірде кешкі сағат 19:07-де болған.

Павлодарда 2 жасар бала үйдің төртінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, бала травматология бөлімшесінде ем алып жатыр.

Облыстық балалар ауруханасында екі жастағы ұл баланың жағдайымен бөлісті. 

«Қабылдау бөлімінде баланы кезекші травматолог, реаниматолог пен хирург тексерді. Балаға компьютерлік томография зерттеуі жүргізілді. Ол шұғыл түрде травматология бөліміне жатқызылған болатын. Оған басының жабық жарақаты, көгеру диагноздары қойылды»,– деді аурухананың баспасөз қызметінде.

Дәрігерлердің сөзінше, баланың жағдайы жарақаттарына байланысты орташа ауырлықтағы деңгейде деп бағаланады. Барлық тиісті ем-дом іс-шаралары қабылдануда.

Жедел жәрдем станциясына 18 сәуірде кешкі сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабар келіп түсті. Медициналық бригада алты минутта жеткен.