Мемлекет басшысы Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

19 сәуір, 2024 / Анель Жарылғасын
Akorda.kz
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

 

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда Садыр Жапаров