Жаңалықтар

«Жүрегін жараладым»: Мейрамбек Бесбаев өзі жайлы бірнеше сұраққа жауап берді

Мейрамбек Бесбаев. Фото: YouTube/ "Алғашқы" бағдарламасы

Бесбаев сұқбат барысында біреудің жүрегін жаралағанын айтып қалды.

Белгілі эстрада әншісі Мейрамбек Бесбаев елді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзі жайлы ел білмейтін ақпаратын бөілісті.

Instagram-дағы парақшасында Мейрамбек Бесбаевтың ерекше сұқбатының үзіндісі тарап кетті. Онда әнші өзіне қойылған қысқа сұрақтарға жауап беріп жатқанын көруге болады.

Жүргізуші өнер иесіне түрлі қызықты сауалдар жолдап, әншіге және оның өміріне қатысты бірқатар ақпаратты білді. Бесбаев сұқбат барысында біреудің жүрегін жаралағанын айтып қалды.

«Бұл қиын сұрақ екен. Мен жүрегін жараладым деп ойлаймын», - деді әнші.

Сондай-ақ әртіс Мадина Сәдуақасова мен Ерке Есмаханның қайсы мықтырақ екеніне жауап бере алмады. Эстрада жұлдызы қос арудың да өнерін қатты бағалайтынын мәлім етті.

 Сонымен қаьар өнер иесіне «ақша немесе уақыт» деген сұрақ қойылды.

Әнші еш кідірместен уақытты таңдайтынын айтты. Мейрамбек Бесбаев Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбіловті де бөліп-жара алмайтынын жеткізді.