Жаңалықтар

Елорда мектептерінде атыс болатыны туралы жалған хабарлама тарады

pixabay

Көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Астанадағы мектептерде атыс болатыны жайлы ақпараттан кейін Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады. 

18 сәуірде әлдебір Telegram каналда Астананың бірқатар мектебінде атыс болатыны жайлы ескерту айтылды.

«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызметтер тексеріп шықты» деп хабарлайды Астана ПД баспасөз қызметі. 

Тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз.

Еске салсақ, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.