Спорт

Париж-2024: Ел құрамасының қоржынына тағы бір лицензия түсті

Спортты дамыту дирекциясы

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада ескек есуден Азия чемпионатында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұптық сында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Қазақстандық дуэт каноэмен 500 метрге жарыста финалға шығып, қарсылас шақ келтірген жоқ.

Осыған дейін каноэмен 500 метрге жарыста Ульяна Кисилева сосын, байдаркамен жарыста Ольга Шмелева Ольга мен Ирина Подойникова Ирина жұбы (500 метр) күміс жүлдегер атанды. Осылайша олар Париждегі ойындарға жолдама ала алмады.

Қазір Қазақстан делегациясында 14 спорт түрінен 34 лицензия (33 спортшы) бар.