Жаңалықтар

«16 қабаттан секіріп кеткім келді»: Мөлдір Әуелбекова өз өміріне қатысты шындықты айтты

Әншінің суицидке баруына әріптесі кедергі болған.

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова "Мамский әңгіме" Youtube-арнасына берген сұхбатында екінші рет тұрмысқа шыққан кезінде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz порталы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі екі рет тұрмыс құрып, ажырасқан. Салтай есімді ұл мен Айша есімді қыз тәрбиелеп отыр. 

Әнші екінші күйеуімен карантин кезінде танысып, бір аптаның ішінде тұрмыс құруға шешім қабылдағанын айтады.