Жаңалықтар

Су тасқыны: өңірлердегі жағдайды онлайн режимде көруге болады

Қазіргі уақытта gov.kz порталына Атырау қаласы мен Атырау облысы бойынша 22 камерадан, Орал қаласы бойынша 6 камерадан және Қостанай қаласындағы 6 камерадан бейне ағындар шығарылған.

Gov.kz сайтында су тасқынына қарсы іс-шаралар орындарынан онлайн трансляция қолжетімді болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Sergek VMS кешенді бейнебақылау жүйесінің арқасында қазақстандықтар нақты уақыт режимінде Атырау облысы мен Атырау, Орал, Қостанай қалаларындағы жағдайды бақылай алады.

Бөгеттер, бекіністер салу бойынша нақты уақыттағы жұмыстардың барысы туралы барлық жағдайды бейнебақылау камералары арқылы бақылауға болады. Бұл жедел әрекет етуге және маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта gov.kz порталына Атырау қаласы мен Атырау облысы бойынша 22 камерадан, Орал қаласы бойынша 6 камерадан және Қостанай қаласындағы 6 камерадан бейне ағындар шығарылған. Sergek Group мамандары онлайн түрде хабар таратуды Sergek аппараттық-бағдарламалық жүйелері жұмыс істейтін басқа қалаларда іске асыруға дайын.

Ол сондай-ақ Sergek Group мамандары су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккен елді мекендерде барынша көмек көрсетіп жүргенін атап өтті. Компания Freedom Telecom және ҚР ЦДИАӨМ-мен бірлесіп олар Индер ауданының Индер кентінде, Махамбет ауданының бірнеше ауылдарында, Дамба кентінде және Атырау қаласының Зарослый шағын ауданында қашықтан мониторинг жүргізу үшін камералар орнатты, сондай-ақ қажет болған жерде сапалы интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан Онлайн трансляция GOV.KZ (орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар) сайтында осы сілтеме бойынша көрсетіледі: https://www.gov.kz/page/9184?lang=ru