Instagram-да заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының тұрғындары айыппұл арқалады
Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады.
«Instagram желісінде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастырудың 10-нан астам фактісі бойынша хаттамалар дайындалып жатыр. Министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп Интернетте лотереяны заңсыз ұйымдастырушылардың қызметін тоқтату жөніндегі жұмысты жалғастырады», - делінген хабарламада.