Жаңалықтар

Астанада сегізінші сынып оқушысы төртінші қабаттан секіріп кетті

Жасөспірім ауруханада жатыр.

Астана қаласының Білім басқармасы 17 сәуірде 72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы мектептің төртінші қабаттағы терезесінен секіріп кеткенін хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған.

«Оқушының миы шайқалған, кеуде қуысы мен іші жарақаттанған, оң жақ білек және оң жақ бел сүйектері сынған. Жалпы жағдайы ауыр және тұрақты дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі сәтте тиісті органдар оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.