Жаңалықтар

«Балаларымның анасына сыйлаймын»: Сотта Бишімбаевтың суицид жасамақ болған кездегі видеосы көрсетілді

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сотта екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың телефонындағы деректер қаралды.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысында екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың телефонындағы деректер қаралды.

Прокурор ең алдымен Байжановтың телефонындағы видео-суреттерді тексеруден бастады. Онда Қуандық Бишімбаевтың  суицид жасамақ болған кездегі өсиет айтқан видеосы көрсетілді.

«Бар затымды, бар есепшоттарымды балаларыма, Назымға (Бишімбаевтың экс-әйелі Назым ҚаҺарман – ред.) сыйлаймын. Назым менің балаларымды асырасын. Балаларым Мансұр, Кәрім және Ранияға сыйлаймын. Осыны айтамын», - делінген видеода.