Жаңалықтар

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Өтеген батыр ауылы (ГРЭС) маңында, Еркін ауылына бұрылыста болған.

Алматы маңында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.

Кадрларға қарағанда, көлік екіге бөлініп кеткен. Видеодан екі адамның жерде жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Өтеген батыр ауылы (ГРЭС) маңында, Еркін ауылына бұрылыста болған.

Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

Дерек абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша Іле аудандық ПБ-ға тіркелді.