Экономика

Екі микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

сурет: fingramota.kz

Бұл микроқаржы ұйымдары «Микроқаржылық қызмет туралы» заң мен Ұлттық Банктің талаптарын бірнеше рет бұзған.

Алматыда Sofi FINANCE және Creditum микроқаржы ұйымдары ҚНРДА шешімі бойынша микроқаржы қызметін жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензиясынан айырылды.

«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 жылғы 16.04 №46 және №47 бұйрықтарына сәйкес «Sofi Finance микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Creditum микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі –МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияларынан айырылды», – деп жазылған хабарламада.

Бұл микроқаржы ұйымдары «Микроқаржылық қызмет туралы» заң мен Ұлттық Банктің талаптарын бірнеше рет бұзған.