T-LIFE

Парижде заманауи мүсін өнерінің өкілі Константин Бранкузидің ең үлкен көрмесі өтті

сурет: euronews.com

Мүсінші Париж студиясында 1916 жылдан бастап 1957 жылы қайтыс болғанға дейін өз жұмысының көп бөлігін жасаған.

Париждегі Помпиду орталығында Румынияда дүниеге келген заманауи мүсін өнерінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал Константин Бранкузидің ең үлкен көрмесі  өтті. Оған 200-ге жуық мүсін қойылды, деп хабарлады euronews.com.

Мүсінші Париж студиясында 1916 жылдан бастап 1957 жылы қайтыс болғанға дейін өз жұмысының көп бөлігін жасаған. 

200-ге жуық мүсін, сондай-ақ фотосуреттер, суреттер, фильмдер, мұрағат материалдары, жиһаздар қойылған көрме 20 ғасырдағы ең маңызды мүсіншілерінің бірі суретшінің өміріне көз жүгіртуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Бранкузи студиясынан табылған жұмыстар Tate Modern, MoMa, Guggenheim, Чикаго өнер институты, Румынияның Ұлттық Өнер Мұражайы және Крайова өнер мұражайы сияқты әлемдегі ірі мекемелерге уақытша берілген басқа жұмыстармен қатар қойылады.